КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

0
60

ЖУЫҚТА, АУДАН ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ Ж.ҚОЙШЫБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН, ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ. КЕЗДЕСУГЕ ТЕМІР АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ Ж. АМАНЖОЛОВ, АУДАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ С. АЙЖАРЫҚОВ, «АТАМЕКЕН» КӘСІПКЕРЛІК ПАЛАТАСЫНЫҢ ТЕМІР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ А. МЫРЗАҒАЛИ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Е.ЖОЛДЫҒАРИН ЖӘНЕ АУДАН КӘСІПКЕРЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.

Кездесу барысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары бойынша енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер айтылып, кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді және олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Шара соңында Ж. Қойшыбаев, қазіргі кезең аудандағы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктерді пайдалана отырып, шағын және орта кәсіпті дамытуға қолайлы уақыт екенін жеткізді және барлық қатысушы кәсіпкерлерге алға жоспарлаған жұмыстарына сәттілік тіледі.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.