ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
ТАЯУДА ТЕМІРЛІК ӘНШІ, ТАНЫМАЛ САЗГЕР СЕЙСЕН АЙТЖАНОВ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ ӨЗ ТЫҢДАРМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, «ШҰБАРҚҰДЫҚ — НҰРЛЫ ДАСТАНЫМ, ШҰБАРҚҰДЫҚ — НҰРЛЫ АСПАНЫМ!» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТКІЗДІ. КЕШ БАРЫСЫНДА СЕЙСЕН МҰҚАНҰЛЫ ТУҒАН ЖЕРІНЕ, Ж. КЕРЕЕВКЕ ТАҒЫ ДА БАСҚА ТАҚЫРЫПҚА АРНАП ЖАЗҒАН ӘНДЕРІН ҰСЫНДЫ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШТЕ, ЕСІМІ ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ҚОЙЫЛҒАН ӘНШІНІҢ ҰЛЫ ТЕМІРДІ ДЕ КӨРЕРМЕНДЕР ЕРЕКШЕ ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСПЕН ҚАБЫЛДАДЫ.
Сонымен қатар, сахнада С. Айтжанов тәрбиелеп, өнерге жетелеген бірқатар танымал әншілер өнер көрсетіп, ақындар, айтыскерлер мен жыршы-термешілер халықаралық одағы Ақтөбе облысы бойынша филиалының жетекшісі М. Ахметов С.Айтжановқа және туған халқына өз арнауын айтты. Шығармашылық кешке аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж. Қойшыбаев қатысып, кеш иесі С. Айтжановқа Темір жұртшылығы атынан алғысын айтып, «Темір ауданына ерекше еңбегі сіңгені үшін» төсбелгісін және сый-сияпатын табыстады.
Патриоттық, лирикалық сағынышқа толы, өзіндік жолы, ойы бар өнер иесінің өнерін халық ерекше тыңдады. Өмірі өнерімен өрілген сазгердің шығармашылық кеші өз дәрежесінде өтті.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.