«СУ ТАСҚЫНЫНА ОРАЙ»

0
54

4 АҚПАНЫНДА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Р.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ КОМИТЕТІНІҢ ПОДПОЛКОВНИГІ А. ҚҰСАЙНОВ ПЕН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПОДПОЛКОВНИГІ А. ҚАПИШЕВПЕН БІРГЕ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Б.САУЫТОВ, АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ С.ҚАЛМЕНОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАС ИНСПЕКТОРЫ Ә. ЖҰМАГЕРЕЙДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН АУДАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ ПЫСЫҚТАУ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗІП, КЕЙІН СУ БАСУ ҚАУПІ БАР ПРОБЛЕМАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ АРАЛАДЫ.

Отырыста А. Құсайнов пен А. Қапишев, Шұбарқұдық ауылдық округі бойынша көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша шаралардың барысымен танысып, одан соң Саркөл ауылдық округінің әкімі М. Шүйншалинмен бірге Шұбарши, Құмсай және Шитүбек ауылының төтенше жағдайларға қарсы дайындықтарын қарап шықты және ауылдық округ әкімдеріне округтегі шлюздер мен бөгеттердің жағдайын тұрақты бақылауға ала отырып, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында бір қатар іс-шаралар жасауды тапсырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.