ЖИЫН ӨТТІ

0
41

АУДАН ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ Р.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ ПЕН ТЕМІР АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ Б. БАҚТЫҒАЛИЕВ ТЕМІР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗДІ.

Кездесуде 2023 жылы Темір ауданы полиция бөлімі тарапынан Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі нұсқаулықтарын орындау бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.
Сонымен қатар, Темір ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Б. Бақтығалиев, полиция жұмысына жәрдемдесуде белсенділік көрсеткен бірқатар азаматтарға «Алғыс хат» және еріктілерге «Полицияның қоғамдық көмекшісі» куәлігін табыстады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.