КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0
54

5 АҚПАН КҮНІ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖЕР УЧАСКЕСІНЕ ҚҰҚЫҚТЫ ТАБЫСТАУ НЕМЕСЕ БАС ТАРТУ ЖӨНІНДЕ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНА АУДАН ДЕПУТАТТАРЫ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Б. САУЫТОВ, АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Қ. СӘЛІМГЕРЕЙ, АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Е.ЖОЛДЫҒАРИН, АУДАНДЫҚ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ Л. ҚҰРМАШЕВА, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ, КӘСІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.

Комиссия отырысында «КМК Мұнай» акционерлік қоғамына Саркөл ауылдық округі жерлерінен далалық лагерь құрылысын жүргізу» мен «Шұбарқұдық, Ақсай, Кеңқияқ ауылдық округтері және Темір қаласының тұрғындарынан келіп түскен өтініштер бойынша жер учаскелерін қарау» туралы мәселе қаралды.
Комиссия соңында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері талқыланып, қанағаттандырылды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.