МЕДИАЦИЯ МАҚСАТЫ — БІТІМГЕРШІЛІК

0
49

2011 ЖЫЛҒЫ 28 ҚАҢТАРДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «МЕДИАЦИЯ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ ҚАБЫЛДАНДЫ. ЗАҢНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ — ДАУДЫ (ДАУ-ШАРДЫ) ШЕШУДЕ ЕКІ ТАРАПТЫ ДА ҚАНАҒАТТАНДЫРАТЫН НҰСҚАСЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗІП, ТАРАПТАРДЫҢ ДАУЛАСУШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ. ДЕМЕК, МЕДИАЦИЯ – ТАРАПТАРДЫҢ ЕРІКТІ КЕЛІСІМІ БОЙЫНША МЕДИАТОРДЫҢ (МЕДИАТОРЛАРДЫҢ) ЖӘРДЕМДЕСУІМЕН ДАУДЫ РЕТТЕУ РӘСІМІ, ЯҒНИ МЕДИАЦИЯ – ҮШІНШІ БЕЙТАРАП КӨЗҚАРАСТЫ ҰСТАНАТЫН МЕДИАТОРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДАУ-ЖАНЖАЛДАРДЫ ШЕШУДІҢ БАЛАМАЛЫ ӘДІСІ. МҰНЫ ТАРАПТАРДЫ ӨЗАРА КЕЛІСТІРЕТІН МӘМІЛЕГЕР, БІТІМГЕР ДЕП ТҮСІНУ АБЗАЛ. ОЛ ЕКІ ЖАҚТЫҢ ЕРІКТІЛІК, ҚҰПИЯЛЫҚ, ТЕҢ ҚҰҚЫЛЫҒЫН САҚТАЙ ОТЫРЫП, ТАРАПТАРДЫҢ ӨЗАРА ТИІМДІ БІТІМГЕ КЕЛУІНЕ ЖОЛ АШАДЫ.

Аталмыш заңның толықтай күш алып, медиацияның құқықтық институтқа айналуы — ең бірінші медиаторлардың өздеріне тікелей байланысты. Сонымен қатар, оларға сот, құқық қорғау органдары, жергілікті әкімшілік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп келе жатыр. Сондықтан, «Медиация туралы» заңның орны ерекше.
Ең бастысы, медиатордың бейтараптығы процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен ерекшеленеді. Бір-біріне талап қоюшы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да медиаторға жүгіну арқылы өзара тиімді мәмілеге келе алады. Қылмыстық істерді қарау аясында тараптар келісімге келгеннен кейін іс сотта бейбіт келісім ретінде мақұлданады.
Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасында «Медиация туралы» Заңның қабылдануы — өркениет көшіне батыл бет түзеген біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі болып табылады.
Г. Е. АЙЖАРЫҚОВА,
Темір аудандық соты әкімшілігі
кеңсесінің бас маманы