Қ. СӘТПАЕВТІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

0
106

ТАЯУДА АУДАНДЫҚ МҰРАЖАЙДА, ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫНА ӨЗІНІҢ ӨЛШЕУСІЗ ҮЛЕСІН ҚОСҚАН ҒАЛЫМ, ПРОФЕССОР, АКАДЕМИК, МИНЕРОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТПАЕВТЫҢ 125 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ, «ГЕОЛОГ-ҒАЛЫМ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТКІЗІЛДІ. ШАРАҒА № 1-ШІ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ Ш. ЖҰМАБАЕВАНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН 7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ. КЕШ БАРЫСЫНДА СЛАЙД КӨРСЕТІЛІП, 7-ШІ «Ә» СЫНЫБЫ ОҚУШЫЛАРЫ А. ӘБУБӘКІР, Ә.ӘБУБӘКІР, Г. МҰХАМБЕТОВАЛАР ҒАЛЫМНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНЕ ШОЛУ ЖАСАП, ӨЗДЕРІНІҢ ЖЕКЕ ОЙ-ПІКІРЛЕРІН БІЛДІРДІ.

Қаныш (Ғабдулғани) Имантайұлы Сәтпаев (12. 04. 1899 ж.-31. 01. 1964 ж.) Павлодар облысы Баянауыл селосында туылған. Ол қазақтан шыққан тұңғыш геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор. Қ. Сәтпаев — ұлтымыздың тау-кен ғылымы саласына ғана емес, мәдениет, тарих-археология салаларының дамуы үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, дамуына өзінің үлесін қосқан ерекше тұлға. Ол — Қазақ КСР ҒА негізін қалаушы, Ғылым академиясынның Академигі және ұйымдастырушысы, оның тұңғыш президенті. Қ. Сәтпаевтің ғылымдағы қызметінің ауқымы өте кең. Мәселен ол — . Қазақстанның геология мен металлогения мектебінің негізін қалаушысы болып табылады. Кезінде Жезқазғанда кен орнының ашылуы — Қ. Сәтпаевтың бүкілодаққа танымалдығын арттырды.
Іс-шара соңында қатысушы оқушыларға музей атынан алғыс айтты.
Нұрбол ҚУАНБАЕВ,
музейдің ғылыми қызметкері.