АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ

0
72

ТЕМІР АУДАНДЫҚ КАДР ЖӘНЕ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Е. САТАЕВ, АУДАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ КВАЗИСЕКТОР МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ 35 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ЖАСТАРЫМЕН «ӨҢІРЛІК КАДРЛІК РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ» БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ. ЖОБАНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ — ӘР ӨҢІРДЕ ТАЛАНТТЫ ЖАСТАР АРАСЫНАН ЖАҢАШЫЛ ОЙЛАЙТЫН КӨШБАСШЫЛАР, ЖАС БАСҚАРУШЫЛАРДЫҢ ТОБЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ЖАСТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ТАРТУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Жиында Е. Сатаев, өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуға мүмкіндік бар екенін, іріктеуге 35 жасқа дейінгі үміткерлердің қандай талаптарға сай келгенде қатыса алатындығын, оған ағымдағы жылдың 1-31 наурыз аралығында құжаттар қабылданатынын, іріктеудің алты бағыты, 5 кезеңді қамтитындығын түсіндірді және жастардың осы жоба аясында қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап беріп, жобаға қатысуға шақырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.