МЕДРЕСЕ ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

0
53

ҚАЗІРГІ ТАҢДА АУДАНЫМЫЗДА ДІН ІСТЕРІ ОРТАЛЫҒЫН МАМАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫРУ ЖӘНЕ ШҰБАРШИ АУЫЛДЫҚ МЕШІТІН ИМАММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА ТҰР. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ, АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 6 АҚПАНЫНДА ТЕМІР АУДАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН АРНАЙЫ ЖҰМЫС ТОБЫ ІС САПАРЫМЕН АҚТӨБЕ МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ БОЛЫП, БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ.

Кездесуде жұмыс тобының жетекшісі, ауданы әкімінің орынбасары Қ. Нұралы бастаған аудандық жастар арасындағы дін істері орталығының басшысы Н. Семибаев, Саркөл ауылдық округінің әкімі М. Шүйіншалин, аудан әкімінің бас инспекторы Ж. Қуанов түлектерді ауданға тұрақты жұмысқа тарту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.