ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

0
53

ТАЯУДА, ТЕМІРЖОЛҒА ЖАҚЫН МАҢДА МАЛ ЖАЮ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУ ЖӘНЕ ПОЕЗДАРДЫҢ АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙДА ТОҚТАУҒА ДУШАР БОЛУҒА ЖОЛ БЕРМЕУ МАҚСАТЫНДА, ШҰБАРҚҰДЫҚ СТ. ЖПБ-НІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ С. МЕДЕТОВ ЖӘНЕ АШШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ БАС МАМАНЫ З. ЖАЙЫЛҚАНОВ, АШШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ҚАРАСТЫ НОҒАЙТЫ АУЫЛЫ САҒЫЗ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ Қ.ТАЙШЫБАЙДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН, ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ. ЖИНАЛЫСТА ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕМІР ЖОЛ МАҢЫНДА МАЛДЫ БАҒУҒА ЖІБЕРМЕУ ЖӘНЕ ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛДЕРІ АРҚЫЛЫ МАЛДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ, СОНДАЙ-АҚ ҚР ӘҚБТК 559-БАБЫНЫҢ 1-БӨЛІГІ БОЙЫНША ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРІЛДІ.

Жиналыста, бүгінгі таңда төрт-түлікті қорасынан айдап шығып, қараусыз қалдыратын тұрғындар азаймай тұрғандығы, мысалы жуықта Шұбарқұдық темір жол станциясының маңында жайылып жүрген 10 бас жылқы ұсталып, станцияның басшылары Шұбарқұдық ЖП бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге, жедел түрде іздестіру нәтижесінде жүгенсіз жайылған жылқылардың иелері анықталып, Қазақстан Республикасының ӘКБтК-нің 559-бабына сәйкес, яғни теміржолға бөлінген жолда мал жаю қағидаттарын бұзғандығы үшін 5 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылғандығы айтылды.
Сонымен бірге жиында тұрғындарға, «Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді» демекші, теміржол қозғалысында сәл кідіріс орын алса, ол тұтас аймақтың қозғалысын бөгейтінін, жолаушыларды жолынан қалдыратынын, сол себепті теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, төрт түлікті тәулік бойы көзден таса қылмау керектігін, аталған қоғамдық тәртіпті қайталап бұзған азаматтарға еселеніп айыппұл салынатындығын түсіндіріп, барша ауыл тұрғындарын меншікті малдарын қараусыз қалдырмауға, олардың жол бойында, оның ішінде теміржол маңында жайылуына жол бермеулері тиіс екені ескертілді.
Бүгінде осындай іс-шаралар Шұбарқұдық станциясы темір жол желілік полиция бөлімшесіне қарасты барлық елді мекендерде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Саламат МЕДЕТОВ,полиция майоры, Шұбарқұдық станциясы
темір жол желілік полиция бөлімшесінің бастығы.