АДАЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ

0
69

№ 6-шы Шұбарқұдық негізгі орта мектебінде оқушыларды Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, Ата Заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 8-сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін жетілдіру арқылы саяси өмірден хабардар ете отырып, жеке тұлға қалыптастыру, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамда өз ой-пікірлерімен санасуға жағдай жасау.

Дөңгелек үстел барысында оқушылардың түсінігін анықтау шеңберінде «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» деген сауал тасталды. Берілген сұрақ төңірегінде оқушылардың ойын тыңдап, «пара», «параға сатып алу» деген терминдердің мағынасын қаншалықты түсінетіндігі анықталды.
«Сыбайлас жемқорлық» деген сөзге білім тұрғысында қарайтын болсақ, мұны «параға сатып алу» (соrruptio деген латын сөзі) деген анықтама берілген. Қоғамдағы лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдаланып, біле тұра өтірік айғақ көрсетіп, куәларды, жәбірленушілерді немесе сарапшыларды сатып алу, сот шешімдерін, үкімдерін және басқаларды лауазымдық тұлғалардың уақытында орындамауы, сыбайласқан байланыстарды қолдау т. б. барлығы сыбайлас жемқорлық болып табылады. Көбіне біз сыбайлас жемқорлық тек мемлекеттік қызметпен ғана байланысады деп ойлаймыз. Алайда бұл лас әдет басқа салаларды да қамтуы мүмкін. Сондықтан біздің елімізде, үкімет билігі және жеке кәсіпкерлер әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін, мемлекеттік лауазымдық тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған заңды егжей-тегжейлі талқылап, әзірлеп қойылған. Бұл заң, мемлекеттік қызметшілер өкілеттілікті иелене және бақылаусыз әрекет ете отырып, өз мүдделеріне қолданудың барлық мүмкіндігіне тосқауыл қоя алады.
Дөңгелек үстел барысында оқушыларға осындай мәселелер түсіндірілді.
М. А. МҰХАШЕВА,
№ 6-шы Шұбарқұдық негізгі орта мектебінің тәлімгері.