КӨМЕКТЕСКЕНДЕР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

0
23

6-8 АҚПАН КҮНДЕРІ ӨҢІРІМІЗДЕ ОРЫН АЛҒАН БОРАНДЫ КҮНДЕРДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН БАСТЫ НАЗАРҒА АЛЫП, СУ, ЖЫЛУ, ЖАРЫҚ БЕРУ, БОРАНДЫ КҮНІ ЖОЛДА ҚАЛЫП ҚОЙҒАН ТҰРҒЫНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТКЕН АЗАМАТТАРҒА АУДАН БАСШЫСЫ С. АМАНБАЕВ РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРІП, МАРАПАТТАДЫ.

Аудан әкімі, әсіресе Шығырлы ауылдық округінің тұрғындарына, ауа райына байланысты күшейтілген жұмыс кезеңінде өз қызметін адал атқарған аудандық полиция, төтенше жағдайлар бөлімдерінің, № 16-шы өрт сөндіру, «Энергосистема» ЖШС темір аудандық бөлімшесінің мамандарына ерекше ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
Марапаттау шарасының соңында, қиын кезеңде жұдырықтай жұмылып, ауызбіршіліктің үлгісін көрсеткен темірліктерге ауданымыздың абыройын көтеріп, көркейу жолындағы қызметтеріне аудан басшысы, сәттілік тіледі.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.