ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

0
48

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, ОРЫНБАСАРЫ Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ С. ҚАЛМЕНОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ Ә. ЖҰМАГЕРЕЙ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ Б. САУЫТОВПЕН БІРГЕ, АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАННЫҢ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҒЫН ҚАРАДЫ.

Алдымен, Задепо аймағында орнатылған шлюздің жағдайы мен қар шығару жұмыстарын қарап шыққан аудан әкімі, су тасқынының алдын алу мақсатында орталық көшелердегі суағарларды ашу, Қызылжар мөлтек ауданындағы су өткізу арналарын көруге барды.
Аудан әкімі, Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Б. Сауытовқа, аталған аймақтардағы су өткізу құбырларын уақытылы ашу, қар шығару жұмыстарын уақытылы аяқтауды, көктемгі су тасқынының алдын алуға арналған құрал-жабдықтар мен техникаларды толық дайындыққа келтіруді тапсырды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ