КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

0
60

КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
«АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ТЕМІР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНА ҚАРАСТЫ «ТЕМІР ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА, «АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА, ҚАРТТАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ. АТАЛҒАН ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ — АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНІҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Жоба аясында дәрігерлер тарапынан алғашқы тексерулер мен ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар диспансерлік есепте тұрған қарттар тегін дәрілік препараттармен толық көлемде қамтамасыз етілді.
Қарттардың денсаулығы кез келген уақытта сыр беруі ықтимал. Сол себепті біз қарттарымыздың денсаулығындағы кінәратты ерте анықтап, аурудың алдын алуымыз қажет екенін ескере отырып, барлық күш-жігері мен білімін өз халқына арнаған, қуаты мен жастығын жас ұрпаққа берген қарттарымызды құрметтеп, олардың денсаулығына мұқият қарау – жас буынның міндеті екені анық.
«АМАNАТ» партиясы Темір аудандық филиалы