ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

0
53

           Аудан әкімі С. Аманбаев аудан көлеміндегі бірқатар салынып жатқан нысандардың құрылыс барысымен танысты.
Құрылыс нысандарына аудан әкімімен бірге аудан әкімінің орынбасары Р. Құдайбергенов, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б. Сауытов  және  тиісті бөлім басшылары барды.

Алдымен аудан әкімі Шұбарқұдық кенті Қызылжар мөлтек ауданындағы жабық жүзу бассейнінің құрылысын қарады. Бұл құрылыс нысанына тапсырыс берушісі «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-сі, жоба құны – 366 892,9 мың теңге. Бас мердігер  «Ұлан Компаниясы» ЖШС. Қазіргі уақытта, жобалық сметалық құжаттамаға түзетулер енгізілуіне байланысты, құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтап тұр.
Бассейн құрылысы аумағынан соң, аудан басшысы аудандық мұражай мен мұрағат ғимаратының құрылысын аралады. Аталған жобаның тапсырыс берушісі де «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-сі. Бұл жобаның құны – 672 117,0 мың теңге. Ал мердігер  мекеме — “Мұнайқұрылыс көп салалы құрылыс фирмасы” ЖШС.  Мұнда бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, ғимаратты ағымдағы жылдың сәуір айында қолданысқа беру жоспарлануда.
Нысандарды қарау барысында аудан әкімі,  тиісті бөлім басшысына құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң түрде бақылауға алуды, жабық жүзу бассейн құрылысы бойынша жобалық сметалық құжаттамаға түзетулер енгізу жұмыстарын аяқтап, тиісті шаралар қабылдауды, ауданның сәулеттік келбетін дамыту мақсатында жоспарланған құрылыс жобаларын пысықтауды тапсырды.

Сондай-ақ аудан әкімі С. Аманбаев, орынбасарлары Ж.Қойшыбаев, Қ. Нұралы, Р. Құдайбергеновпен, Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Б. Сауытовпен және бірқатар бөлім басшыларымен бірге, “Жайлы мектеп” жобасы аясында, аудан бойынша жаңадан салынып жатқан мектеп құрылыстарының барысын қарады.  “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында, аудан бойынша Шұбарқұдық кентінен және Кеңқияқ ауылы Сазды ауданынан, 600 орындық екі мектептің құрылысы бастау алғаны белгілі. Екі жоба бойынша да тапсырыс беруші «Самұрық Қазына» ӘАҚ. Қазіргі таңда Кереев атындағы ЖОББМ бойынша құрылыс нысанын қоршап, техникаларды және жұмыс күштерін жұмылдыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Сондай-ақ,  Кенқияқ ауылдық округіндегі мектеп құрылысының аумағын да қоршап, іргетасын құйуға дайындық жұмыстары жасалуда.

Аудан әкімі мердігер компания өкілдерімен кездесу кезінде,  мектептің екеуін де ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін  пайдалануға берілу қажеттігін ескертті және орынбасарларына екі  мектеп құрылысының кестеге сәйкес жүргізілуін апта сайын қадағалауды тапсырды.

                                                                                                                                                                                      ТЕМІР ГАЗЕТІ.