ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0
55

    4 НАУРЫЗ КҮНІ АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, КЕҢЕСТУЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ЖӘНЕ ТЕМІР ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ. ОТЫРЫСҚА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қ.НҰРАЛЫ, АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Ж.ИМАШЕВ, АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ С.ҚАЛМЕНОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ Ә. ЖҰМАГЕРЕЙ, КЕҢЕСТУЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ Ж МАЯСАРОВ, ТЕМІР ҚАЛАСЫ ӘКІМІ А. ҚОҚАНОВ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ
Б. САУЫТОВ, АУДАННЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ С. ЖАНАХМЕТОВ, КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ
ҰСЫНУШЫ МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.

   Штаб отырысында Ж. Маясаров Шилі өзенінің тасуының Шитүбек елдемекеніне ықтимал салдарын болдырмау мақсатында өзенді бақылауда ұстап, кезекшілер қою, арнайы техникалар арқылы өзен арналары мен су ағатын арықтарды қардан тазарту секілді атқарылған жұмыстарын, А. Қоқанов Темір өзені тасуы салдарынан Жамбыл ауылымен қатынастын қиындау ықтималдығын ескере отырып, тұрғындарымен қажетті азық-түлік және мал
азығымен қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігін баяндап, С. Қалменов Темір мен Кеңестуы
өңірлерінде өткен жылғы су тасқыны кезінде орын алған мәселер бойынша өз талдауын жасап, биылғы жылы сол
мәселелерді болдырмау жолдарын ұсынды. Аудан басшысы округ әкімдеріне елді мекендердегі су тасқынына қарсы дайындық шараларын күшейтуді, қажетті жабдықтар мен техникалық құралдарды әзірлеуді, су тасқыны кезеңінде барлық инженерлік желілердің (газ, электр энергиясы, сумен жабдықтау және телекомуникациялар) үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды және басты міндет – тұрғындардың қауіпсіздігі мен тұрғын үйлерді, шаруашылық құрылыстарын су басып кетпеуін қамтамасыз ету екенін атап өтті. 5 наурыз күні аудан әкімі С. Аманбаев, осындай отырысты Қайыңды ауылдық округінде де өткізді. Штаб отырысында Қайыңды ауылдық округі әкімі Р. Рашев аталған бағытта бүгінгі күнге дейін жүргізілген жұмыстар жөнінде, атап айтқанда Бабатай өзенінің арналарын кеңейту, арнайы техникалар арқылы суағарлардың мұздарын еріту, су арнасын бұру, қорғаныс бөгетін нығайту секілді атқарылған жұмыстарын баяндап, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау майоры Ж.Нұртазин Қайыңды өңірлерінде өткен жылғы су тасқыны кезінде орын алған мәселер бойынша өз талдауын ұсынып, биылғы жылы сол мәселелерді болдырмау жолдарын ұсынды.Аудан әкімі, Р. Рашевке ауыл ішіндегі су тасқынына қарсы шараларын, су тасқыны басталғанша бөгет пен су бұру каналының құрылысын күнделікті түрде жалғастыруды, Ж. Нұртазинге Бабатай өзені арнасынан мұзды жару жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін қарастырып,  аталған мәселе бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментіне ықпал ету бойынша қатынас хатын әзірлеуді тарсырды және
аталған тапсырмалардың орындалуын бақылауды аудан әкімі орынбасары Р. Құдайбергеновке жүктеді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.