ЖАҢА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

0
40

Таяуда,  аудан орталығында «Баяным»  атты жеке балабақшасы өз жұмысын бастады. 75 орындық бұл жаңа балабақшаның меңгерушісі жеке кәсіпкер Әділханова Гүлжихан Темірханқызы.   Қазіргі таңда балабақшаның үш тобында 74 бала тәрбиеленіп жатыр.


         Аудан әкімі С. Аманбаев, орынбасары Р. Құдайбергенов, аудандық білім бөлімінің басшысы А. Өсербаев, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б. Сауытовпен бірге,  Шұбарқұдық кентінде орналасқан «Баяным» балабақшасының тынысымен танысты. Танысу барысында аудан басшысы, А. Өсербаевқа балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыру жұмыстарын ұйымдастыруды, балалардың жағдайын және қауіпсіздігін жақсартуды, ата-аналармен қарым-қатынас жасап,  оларды балабақша өміріне тартуды және Б. Сауытовқа аудандағы балабақша санының артуының тиімділігін ескере отырып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы, балабақша ашушы кәсіпкерлерге тиісті қолдау көрсетіп, мейлінше түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

                                                                                                                                                                                            ТЕМІР ГАЗЕТІ.