ТАПСЫРМА БАҚЫЛАУ

0
44

БҰҒАН ДЕЙІН АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ БАБАТАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ІС-ШАРАЛАРМЕН ТАНЫСЫП, АРНАЙЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРГЕН БОЛАТЫН. ЖУЫҚТА АУДАН БАСШЫСЫ, СОЛ БЕРІЛГЕН ТАПРСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРУ МАҚСАТЫНДА АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ С. ҚАЛМЕНОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ Ә. ЖҰМАГЕРЕЙ ЖӘНЕ ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Р. РАШЕВПЕН БІРГЕ БАБАТАЙ АУЫЛЫНА БАРДЫ.

Округ әкімі Р. Рашев, аудан әкіміне бұрын берілген тапсырмаларға орай, бөгет орнату аумағында екі техника жұмыс істеп және өзен арнасын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат берді. Аудан басшысы тексеру барысында, қазылған арнаның өткізу қабілетін арттыру мақсатында, мұздан тазарту үшін су тасқыны кезінде жарылыс жұмыстарын қолдану мүмкіндігін зерттеп, басты міндет – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғын
үйлер мен шаруашылық құрылыстарды су басып кетпеуін қамтамасыз ету екенін тағы да атап өтті және Р. Рашевке су
тасқыны басталғанша бөгет пен су бұру каналының құрылысын күнделікті түрде жалғастыруды тапсырды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.