ҚАУІПСІЗДІК ПЫСЫҚТАЛДЫ

0
23

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АЛТЫҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЖҰМЫС САПАРЫ КЕЗІНДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНАН “ЖАНГЕЛДІ” ЖӘНЕ “ДӘУЛЕТ” ШАРАУ ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ. АУДАН ӘКІМІМЕН БІРГЕ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ С. ҚАЛМЕНОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ Ә.ЖҰМАГЕРЕЙ ЖӘНЕ АЛТЫҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Ә.БОРАНҚҰЛОВ БАРДЫ.

Өтегенов Бердіғали Сәубетұлы иелік ететін “Жангелді” шаруа қожалығында 1132 басұсақ мал, 220 бас мүйізді ірі қара, 47 бас жылқы, ал “Дәулет” қожалығында (басшысы Өтегенов Ахметжан Жакуұлы) 107 бас қазақы ақ бас тұқымды сиыр
және 11 жылқы бар. Аудан әкімі қос қожалықты қарап шыққаннан кейін, көктем кезінде жыл сайын болатын су арнасының тасуына орай,қатынас қиындайтынын ескере отырып, шаруа қожалықтағы жұмысшылар мен үй жануарларына қажетті азық-түлік, мал азығымен алдын ала қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті және Ә. Боранқұловқа су тасқынының алдын алуға бағытталған аудандық  іс-шаралар жоспарына сәйкес, алдағы көктемде  болатын қар суының еруі  кезінде шаруашылықтағы  жануарлардың қауіпсіздігін  бақылау мақсатында үй  жануарларын қырға көшіруді  тапсырды.

ТЕМІР ГАЗЕТІ.