«МЫҢ АЛҒЫС»

0
49

«АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ» — ЕҢ АЛДЫМЕН, СОНАУ ҚИЫН КЕЗЕҢДЕРДЕ ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЖЕРІН ҚОНЫС ЕТІП,ТҮРЛІ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНАН ПАНА ТАПҚАНЫНА ҚҰРМЕТ МЕН РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРЕТІН, ЕЛІМІЗДЕ ТЫНЫШТЫҚ ПЕН ҮНДЕСТІК, ӨЗАРА СЕНІМДІЛІК ПЕН БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІҢ ОРНЫҒУЫНА НЕГІЗ БОЛҒАН БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ДА
САЛТАНАТТЫ КҮНІ. АТАЛҒАН МЕРЕКЕ ҮСТІНДЕ, ӘРБІР САЛАДА ӨЗДЕРІНІҢ МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША МІНДЕТТЕРІН ЕЛ МЕН ХАЛЫҚ ҮШІН ҚАЛТЫҚСЫЗ ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖҮРГЕН ЖАНДАРДЫҢ ДА ЕРЕН ЕҢБЕГІН ЕЛЕПЕСКЕРУ — ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ.

Н. Байғанин атындағы Темір аудандық Мәдениет  Үйінде жоғарыда аталған  мерейлі күнге арналған  «Мың алғыс» атты мерекелік  шара өтті. Жиынға ауылаймақтың тазалығын сақтау  үшін қыстың бет қарытар  аязды күндері мен жаздың  ми қайнатар ыстығына  қарамай, еңбек етіп жүрген  жандар қатысты.  Жиналғандарды  Н. Байғанин атындағы
Темір аудандық Мәдениет  Үйінің директоры Жандос  Жарылғасын мен  Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Бағдат
Сауытов құттықтап, жылы  лебіздерін білдірді және ерен  еңбектерімен көзге түсіп  жүрген жандарды «Алғыс хатпен», сыйлықтармен  м а р а п а т т а д ы .  Ауданымыздың мақтанышы,  айтыскер ақын Ершат  Қаймолдин домбыраның
сүйемелдеуінде:  «Біздің де әжептәуір  тұлғамыз бар,  Ақынның құттықтауын  тыңдаңыздар…  Ағаларым, апаларым,
бауырларым, Жел, аяз дидарыңның  құрбандығы.   Сіздердің арқаларың  Шұбарқұдық — Кескіні гүлдей жайнап
тұрғандығы…  Айлықтарың ай сайын арта  берсін,  Біреулер бөліп бермес  бірдеңесін.  Жұмыс жасап, қолдарың
кірлесе де,  Жүректерің ешқашан кірлемесін. Еңбеккерлер жұмысты  қолмен емес, Техникамен жасайтын күнге
жетсін!..  Қара жұмыс жасайтын  еңбеккерлер,  Шіркін-ай, неткен таза көңілдерің.  Нұрпейіс Байғаниннің көшесіндей,
Бәріңнің ұзақ болсын  өмірлерің…» дегендей жыр жолдарын жолдап, шараға қатысушыларды бір  серпілтіп тастады.
Сондай-ақ шарада  Нұрпейіс Байғанин  атындағы Мәдениет Үйінің  белгілі әншілерінің әуелете шырқаған әсем әндері
мен «Алтын Ай» үлгілі би  ансамблі бишілерінің мың  бұрала билеген билері жиналғандарға тамаша көңіл күй сыйлады.  Жылы сөз, қайырымды  іс, жақсы ойдың қадірін  халқымыз қашаннан  бағалап, сақтап келе жатқан
құндылықтары. Өйткені, осындай дүниелер арқылы әрбір отбасынан бастап,  күллі қоғамға береке-бірлікті,табандылық пен төзімділікті, бейбітшілік пен татулықты т. б. кеңінен насихаттай аламыз. Ендеше, осындай халықтың көңілінен шығатын мерекелер көбейе түссін!
Әбді СӘЛИ.