АДАЛ ЕҢБЕК — АБЫРОЙЛЫ ЗЕЙНЕТ

0
51

Халыққа қызмет көрсету орталығы Темір аудандық бөлімшесінің басшысы В. Көшербаева, 1983 жылдан бері ауданда қызмет етіп келеді. Жуықта аудан әкімі С. Аманбаев, Көшербаева Венера Сұлтанқызын мерейлі мерекесі — зейнетке шығумен құттықтады.
Аудан әкімі, В. Көшербаеваға зейнеткерлікке шығу – әр адамның өміріндегі маңызды кезеңдерінің бірі екенін атап өтіп, еңбек жолын арнаған саланы дамытуға сіңірген белсенді қызметі, ауданымыздың дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, «Алғыс хат» және арнайы сыйлық табыстады.
В. Сұлтанқызы өзіне көрсетілген сый-қошеметке, еңбегінің еленгеніне аудан әкіміне алғысын айта отырып, барша ұжымдастарының мерейлі сәтке жетуіне тілектестік білдірді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.