ҚАУІПСІЗДІК ПЫСЫҚТАЛДЫ
ЖАҚСЫМАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ІС САПАРЫ КЕЗІНДЕ АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ, ОКРУГ ӘКІМІ С.ТӨЛЕУОВПЕН БІРГЕ, «ҮМІТ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНА БАРДЫ. «ҮМІТ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ – ОРАЗҒҰЛОВ МЕРЕКЕ САҒЫНҒАЛИҰЛЫ. ҚОЖАЛЫҚТЫҢ ЖЕР КӨЛЕМІ 1950,00 ГЕКТАР. ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНДА 753 БАС ҰСАҚ МАЛ, 482 БАС МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРА, 242 БАС ЖЫЛҚЫ БАР.
Көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан басшысы алдағы көктемде болатын қар суының еруі кезінде шаруашылықтағы жануарлардың қауіпсіздігін бақылау шараларын алдын ала пысықтау қажеттігін атап өтіп, малды бақылауға алу, қараусыз қалдырмау және кенеттен еріген су тасқыны кезінде олардың су қоршауында қалып қалмауы үшін алыс жайылмдағы өріске әзірше шығармау жағын қадағалау қажеттілігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар аудан басшысы, С. Төлеуовке өңірдегі өзге де шаруа қожалықтарына тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, су тасқынының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ