КӨЛІК КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

0
25

2023 ЖЫЛДЫҢ 29 ЖЕЛТОҚСАНЫНДА АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ӨТКЕН “ЖЫЛ ТАҢДАУЫ-2023” ШАРАСЫНДА, ОДАН БҰРЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН “БІЗДІҢ АУЫЛ ТАМАША” БАЙҚАУЫНДА ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДІКТЕРІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛҒАН БОЛАТЫН. 11 НАУРЫЗ КҮНІ АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АТАЛҒАН ШАРА ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗЫ БОЛЫП ТАНЫЛҒАН ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ «УАЗ» АВТОКӨЛІГІНІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ.

Жол таңдамайтын автокөлік шалғайдағы ауылдық елдімекендерге, әсіресе өңірдегі ауа-райының ерекшелігіне сәйкес көктем айларында тұрғындармен кездесуге шығуға, сондай-ақ көктемгі су тасқынының алдын алу және жедел шаралар ұйымдастыру мақсатында пайдалануға берілді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.