БАБАТАЙЛЫҚТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Қайыңды ауылдық округіндегі іс-сапары кезінде аудан әкімі С. Аманбаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С. Калменов және Қайыңды ауылдық округінің әкімі Р.Рашевпен бірге бабатайлықтармен кездесіп, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, еңбек ардагерлері Абдешова Зәуреш Әбілқызын, Шакина Сәлима Әбдірзаққызын және ұстаз Мергалиева Злиха Смайлқызын құттықтап, арнайы сый-сияпат табыстады. Кездесу барысында аудан басшысы, елдің ауызбіршілігінің негізі — аналардың тәрбиесі мен даналығы жатқандығын атап өтіп, жергілікті әйелдер қауымына ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, аудан әкімі округтегі көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысын қарады. Атап айтқанда, Бабатай өзенінің арналарын кеңейту, арнайы техникалар арқылы суағарлардың мұздарын еріту, су арнасын бұру, қорғаныс бөгетін нығайту секілді атқарылған жұмыстарын тексеріп, Бабатай өзенінің сағасындағы еріген судың жиналу жағдайын дрон арқылы қарап шықты және округ әкімі Р. Рашевке, су тасқыны басталғанша бөгет пен су бұру каналының құрылысын күнделікті түрде жалғастыруды тапсырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.