БӨЛІМ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

0
66

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІСІН ТІРКЕУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ, ТЕМІР АУДАНДЫҚ АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІСІН ТІРКЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ФОМЕНКО ЮЛЯ ВАЛЕНТИНҚЫЗЫН ҚАБЫЛДАДЫ. Ю.ФОМЕНКО, АУДАН БАСШЫСЫНА АУДАНДЫҚ АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІСІН ТІРКЕУ БӨЛІМІНДЕ КӨРСЕТІЛІП ЖАТҚАН ҚЫЗМЕТТЕР БАРЫСЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ.

Аудандық азаматтық хал актісін тіркеу бөлімінде 8 мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр және негізгі көрсеткіштері бойынша 2022 жыл мен 2023 жыл салыстырылса, бала туу 2022 жылы 809 бала болса, 2023 жылы – 752 балаға кеміген. Ал қайтыс болу көрсеткіші 2022 жылы 225 адамды, 2023 жылы 179 адамды көрсетті. Сондай-ақ, неке қию 2022 жылы 118 жұп, 2023 жылы 104 жұп неке қиған. Ал 2022 жылы – 17 неке бұзылса, 2023 жылы біршама кеміп, 11 неке бұзылған.
Аудан әкімі, Ю. Фоменкоға, аталған көрсеткіштерді негізге ала отырып, тұрғындардың өтінішіне сәйкес тиісті қызмет көрсетуді тапсырды және қабылдау соңында мерекеге орай, өзінің «Алғыс хаттын» табыстады.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.