АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ

0
27

17 НАУРЫЗ – ШАҢЫРАҚ КҮНІНЕ ОРАЙ, АҚСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСТАМАСЫМЕН, АУДАНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
ОТЫРЫСҚА ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРДЕГІ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ.

Шара барысында Ақсай ауылдық округіндегі әйелдер туындыларынан жасалған арнайы көрме жасақталып, Ақсай ауылдық аналар кеңесінің бір жылдық есебі тыңдалды. Сонымен қатар, «Алтын босаға» шарасы аясында, 50 жыл отасқан, еңбек ардагерлері Жанбуршин Нұрқасын ағамыз және Ырза апаймен “50 жыл біргеміз” атты кездесу өтті. Алтын той иегерлері жас отбасыларға, жалпы отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұйыған отбасы болып отырудың қыр-сыры жөнінде ақыл-кеңестерімен, тұщымды ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, аналар кеңесінің өкілдері қоғамда өзекті мәселелер, отбасы институтын нығайту бағытында өзара пікір алмасты.Ауылдың алты ауызы — «Айдай» әжелер Халықтық хор мүшелері мен Ақсай ауылдық аналар кеңесінің мүшелері, өздерінің музыкалық сәлемдемелерін жолдап, “Ана қадірі” сахналық көрінісі қойыды. Шарада сонымен бірге, мәдениет үйінің өнерпаздары, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді дәріптеу мақсатында, Рамазан айына сәйкес Жарапазан жырын орындады. Көшпелі отырыстың келесі шарасы Алтықарасу ауылдық округінде өтетін болып келісілді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.