ТЕМІР АРУЫ-2024

0
17

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында 21 науырыз күні Н.Байғанин атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Наурызнама» тұжырымдамасы бойынша «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай» Темір аруы аудандық қыз сыны байқауы ұйымдастырылды.
Өнер бәсекесіне аудан бойынша , сымбатты арулары қатысып, бақтарын сынады.
Алдын ала бекітілген ережеге сәйкес байқау 5 кезең бойынша өтті:
«Амандасу адамгершіліктің шыңы»-амандасуы және өзін таныстыруы;
«Ай жүзімен арайлы, тамсандырды талайды»-ажары мен ақылы жарасқан қыздарымыз қазақ дәстүрінде , ұмытылып бара жатырған дәстүрді жаңғыртуы;
«Қыз еркем, қылығымен көркем» өнер бәсекесі;
«Білгенге маржан» осы жерде орын алған жағдаяттан шығуы немесе қазақтың мақал-мәтелдерін немесе даналық сөздерді жалғастыруы;
«Қыз елдің көркі»-арулардың өз қиялынан туған киімі, сән үлгісі. Байқауға қатысушы аруларға еңбек ардагері, ел анасы Бибіхан Шәдіқызы, Шұбарқұдық балалар музыка мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Омарқызы және Н.Байғанин атындағы Темір аудандық мәдениет үйінің бөлім меңгерушісі Ләйлә Маратқызы ,еңбек ардагері Бибіхан Шәдиева қазылық етті.
Өнер додасының қорытындысы бойынша:
Шұбарқұдық кенті «Еркежан» балабақшасының тәрбиешісі Жәлел Ақниет «Инабатты ару» номинациясы, арнайы диплом және 10 000 тг қаржылай сертификат;
Саркөл ауылдық клубынан Мырзағалиева Дильназ «Көрікті ару» номинациясы, арнайы диплом және 10 000 тг қаржылай сертификат;
Кеңқияқ ауылдық мәдениет үйінің мәдени шара ұйымдастырушысы Қибадоллина Ақниет жүлделі III орын, арнайы диплом және 30 000 тг қаржылай сертификат;
Кеңқияқ ауылдық округі «Зере» бөбекжай-балабақшасынан Сәрсен Инабат
жүлделі II орын, арнайы диплом және 40 000 тг қаржылай сертификат;
Темір аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Бір қадам» жастар ортасының мүшесі Ешбағанбетова Диана жүлделі I орын, арнайы диплом және 60 000 тг қаржылай сертификатқа ие болды.