«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ- 2024»

0
24

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Н.Байғанин атындағы аудандық Мәдениет үйінде «ЖІГІТ СҰЛТАНЫ- 2024»байқауы өтті.
Байқауға қатысқан 9 үміткер “Алыстан сәлем береді,әдепті елдің баласы”- таныстыру; “Шебердің қолы ортақ” қамшы өру өнері; “Жігітке жеті өнер де аз” өнер көрсету; “Білгенге маржан” сұрақ-жауап; “ Күш атасын танымас спорттық бәсеке гір көтеру кезеңдері бойынша бақ сынасты. Байқаудың бас демеушісі: Темір ауданы 100 дос қоғамдық қоры. @100dos_shubar Шара соңында қазылар алқасының шешімімен:
”Бас жүлде”- Шұбарқұдық гимназиясы Отарбек Наурызбек(100 мың тенге)
1-орын — 4 Шұбарқұдық ЖОББ мектебі Жауынбай Ернұр (60 000 мың тенге)
2- орын Шұбарқұдық балалар саз мектебі Тәжібай Ердәулет. (40 000 мың тенге)
3- орын 3 Шұбарқұдық ЖОББ мектебі Сатыпалды Санжар (30 000 мың тенге) иеленсе қалған қатысушылар да номинацияларға сәйкес, сыйлықтармен марапатталды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ