АУЫЛ АЗАМАТТАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

0
53

Темір ауданында су тасқыны салдарынан орын алған келеңсіз жағдайға байланысты ауыл азаматтары белсенділік танытты. Атап айтқанда, Шұбарқұдықтағы көшелері мен тұрғын үйлері қауыпсіз аймақта орналасқан тұрғындар «күшіміз — бірлікте» деген ұстаныммен табиғи апатпен күресіп жатқан жерлестеріне көмек қолын созды..
Бұған қоса, Төтенше жағдайларды жою мақсатында барлығы арнайы 23 маман, сондай-ақ, еріктілер мен ауданнан 127 адам, техника жұмылдырылды.
Еске салайық, аймақтағы «Мұқантау» жерінен келген су деңгейінің көтерілуіне байланысты Шұбарқұдық кентінің Задепо аймағында орналасқан бөгеттің алдында қауіпті мөлшерде су жиналды. Осыған орай бөгеттің шлюзі ашылып, Шұбарқұдық кентіне еріген қардың суы кірген.
Жыирма жетінші науырыздан бастап Қызылжар шағын ауданындағы Қалниязов көшесіндегі тұрғын үйлердің алды инертті материалдармен қоршалды. Бұл өңірде жағдай тұрақталды, су деңгейі төмендеді.
Аудандық жедел штабтың мүшелері және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай толықтай бақылауда.