ЕРЛІК ПЕН БІРЛІК

0
73

Су тасқыны кезеңінде құтқарушылардың күшімен Темір ауданының аумағында бірнеше авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар кезінде Темір аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Нұржан Аспан су басқан аймақтан 2 бала мен 1 әйелді арқалап шығарып, қауіпсіз жерге көшірді. Тұрғындар оқшауланып, барлық жағынан сумен қоршалып қалған.
Жерлесіміздің бұл ерлігіне облыс тұрғындары сүйсініп, жылы лебіздерін білдіруде.
Өз қызметін адал атқарған Нұржан Аспанға аудан әкімдігі алғысын білдірді!