ҚЫМБАТТЫҢ МАССАЖЫ

0
66

АДАМ ҮЛКЕЙГЕН САЙЫН, АНА ЖЕР, МЫНА ЖЕРІҢ ДЕГЕНДЕЙ, ӘЙТЕУІР АУЫРЫП МАЗАҢ КЕТЕ БАСТАЙДЫ ЕКЕН. БҰРЫНҒЫ ҮЛКЕНДЕРГЕ КҮЛЕТІН ЕДІК, СОЛ ЕНДІ БАСЫМЫЗҒА КЕЛІПТІ. КҮЛСЕҢ КӘРІГЕ КҮЛ, БАСЫҢА КЕЛСІН ДЕЙТІН, СЕНДЕ ҮЛКЕЙІП ҚАРТАЙАРСЫҢ ДЕГЕНІ ҒОЙ. ДӘРІГЕРГЕ БАРЫП ЕМ ДЕ АЛДЫМ, СУЫҚ ТИГЕН ДЕСЕ, БІРІ ТҰЗ ЖИНАЛҒАН ОСТИХАНДРОЗ ДЕЙДІ. ШАМАЛЫ КҮННЕН КЕЙІН БӘРІБІР АУЫРЫП БАСТАЙДЫ. «МАССАЖҒА БАРЫП КӨРСЕЙШІ. КӨП АДАМДАР СОДАН ЕМ АЛЫП ЖАТАДЫ, БІЛГІР МАМАН БАР, СТАЖЫ ДА ЕДӘУІР ЖЫЛ» ДЕДІ КӨРШІМ.

Жақында жақсыны көріп, білмек үшін деп массажға бардым. Есік ашқаннан алдымнан шығып сәлем берген массажшы келіншек: «Ішке кіре беріңіз. Қазір мына адам шықсын, сосын сізге жасаймын» деді. Өзін Қымбат деп таныстырып та үлгірді. Адамдар көп келеді екен, үлкен кішісі де бар.
— Массажбен айналысқаныма сегіз жылдай уақыт болды. Мамандығым медбике. Осы ауданда тұратын бірнеше жас қыз келіншектерге осы жұмысты үйреттім. Қазір олар аудандық емханада, қалада кәсіп етіп жүр. Бүгінгі таңда қасымда, бір келіншек жас балдарға ем жасайды. Мүмкіндігі шектеулі, ауыратын балаларға тегін қызмет көрсетемін. Бөлмелерді, орынды көбейтіп тағы да қасыма адамдар алсам ба деймін. Оған тар бөлме қол байлау болып отыр. Жолдасым, қызым үшеуміз тұрамыз. Ендігі үмітіміз “Ауыл аманыты” бағдарламасында. Қол жетіп жатса, жағдайымыз жақсарып, емге келген жандарға да нұр үстіне нұр болар еді, – дейді Қымбат.
Иә,бізде атына заты сай қарындасымызға ісіңнен береке тап, еліңе ерінбей еңбек ет демекпіз.
Нұрсұлтан ІЛИЯСҰЛЫ
еңбек ардагері,
Шұбарқұдық ауылы.