ҚОЛӨНЕР — ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

0
56

ҚУАНЫШ ЖАНГҮЛ — МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ, ОҚУ ОЗАТЫ, ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІРІ. «КӨНЕ ДӘСТҮРЛЕРДІ КӨЗДІҢ ҚАРАШЫҒЫНДАЙ САҚТАУЫМЫЗ КЕРЕК!» ДЕГЕН ҚАҒИДАНЫ ҚОЛДАЙТЫН ОҚУШЫМНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӨЗ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫМЕН АСТАСТЫРЫП ЖҮРГЕНІ КӨПКЕ ӨНЕГЕ. ҚОЛӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫ ҚАЙТАЛАНБАС ЖӘНЕ ӘРТҮРЛІ ӘСЕМ ӘШЕКЕЛЕЙЛЕРДЕН ЖӘНЕ ШАҒЫН ОЙЫНШЫҚТАРДАН БАСТАП КҮРДЕЛІ КЕСТЕЛЕНГЕН КОМПОЗИЦИЯЛАРҒА ДЕЙІН КӨЛЕМДІ КІЛЕМДЕРДІ, ТОҚЫМА МАТАДАН ЖАСАЛҒАН КӨП ЗАТТЫҚ, ЖИЫНТЫТАРДЫ ҚАМТИДЫ. ПІШІНДЕРДІҢ ЫҚШАМ ДА МӘНДІ ҮЙЛЕСІМІ , ТҮСТЕРДІҢ ЖОҒАРЫ ТАЛҒАМЫ, ӨРНЕКТЕРДІҢ ӘСЕМДІГІ, КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ШЕШІМІ КӨЗДІҢ МҮЛТІКСІЗДІГІН, ҚОЛДЫҢ ДӘЛДІГІН ЖӘНЕ ҚИЯЛ ҰШҚЫРЛЫҒЫН ҰШТАСТЫРЫП, ШЕБЕРДІҢ ӨЗІНЕ ТӘН ТӘСІЛДЕРМЕН ОРЫНДАУЫНА ЖЕТКІЗЕДІ.

даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар көзі .
Жангүлдің өнерге деген бейімділігі, қызығушылығы бастауыш сыныптан байқалды. Шәкіртім екеуміз жеке жұмыстарды үнемі орындап отырамыз. Жасаған туындыларымен көптеген байқауларға «Қол өнер» номинациясы бойынша қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрді. Кез келген жұмыспен айналысу үшін алдымен ойлану керек және жұмысты орындау үшін ұқыптылық, шыдамдылық қажет. Бастаған жұмысын шын көңілмен жасап, мақсатына жетіп жүрген Жангүл болашақта қазақтың ұлттық өнерін дәріптеуде еңбек ететініне жетекшісі ретінде сенімім кәміл.
Гүлжанат ЗЕРБАЕВА,
Темір қаласы С. Байішев атындағы ЖОББМ КММ-нің мұғалімі.