ҚҰМСАЙЛЫҚТАРҒА КӨМЕК

0
21

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, САРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЖҰМЫС САПАРЫ КЕЗІНДЕ ҚҰМСАЙ АУЫЛЫНА БАРДЫ. МҰНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНЫҢ ЖАРАМСЫЗДЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ, УАҚЫТША ТҰРУ ҮШІН ЖЕРГІЛІКТІ МҰНАЙ КОМПАНИЯЛАРЫНАН 31 ВАГОН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛІП, ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ЖӘНЕ КӨРШІЛЕС ӨҢІРЛЕРДЕН ЕРІКТІЛЕР ДЕ ҚОЛ ҰШЫН СОЗУДА. СОЛАРДЫҢ БІРІ – ҚҰМСАЙҒА АТЫРАУ ОБЛЫСЫНАН ЖЕТКІЗІЛГЕН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Аудан әкімі, жергілікті тұрғындарға тиісті техникалық сараптама, бағалау жұмыстары аяқталған соң, барлық шығындар заңнамаға сәйкес өтелетіндігін жеткізді және Саркөл ауылдық округінің әкімі М. Шүйіншалинге тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, вагондарда қолайлы өмір сүруі үшін тиісті жағдаймен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды тапсырды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.