КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0
68

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қ. НҰРАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АУДАН ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНЫҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕ АУДАНДЫҚ «АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ» 2023 ЖЫЛЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ, ОТБАСЫН ҚОЛДАУ, ОТБАСЫЛЫҚ ЖАНЖАЛДАРДЫ ШЕШУ БАҒЫТЫНДАҒЫ Т. Б. АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ МЕН 2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ БАЛАЛЫ ӘЙЕЛДЕРГЕ УАҚЫТША БАСПАНА БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚТЫ АШУ, ТЕМІР АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ҚҰРАМЫН ЖАҢАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ.

Отырыста жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша тиісті мамандардың баяндамалары тыңдалып, ұсыныстар талқыланды. Отырыс соңында комиссия төрағасы Қ. Нұралы, комиссия хатшылығына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды күшейту мақсатында орталық ашу жөнінде тиісті тапсырмалар беріп, тұрақты негізде жұмыс жасайтын психолог қарастыру үшін құзырлы органдарға ұсыныс жолдауды тапсырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.