АХУАЛ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ, 27 НАУРЫЗ КҮНІ, ШИЛІ ӨЗЕНІ ТАСУЫ САЛДАРЫНАН КЕҢЕСТУЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ҚАРАСТЫ ШИТҮБЕК АУЫЛЫНА СУ КЕЛІП, 4 ТҰРҒЫН ҮЙДІ СУ БАСҚАН БОЛАТЫН.
Арнайы құрылған комиссия зардап шеккен тұрғын үйлердің жай-күйімен танысып және тұрғындармен кездесіп, осы бағытта алдағы уақытта атқарылар жұмыс жоспарын талқылады.
Қазіргі таңда су қайтып, ахуал тұрақталып келеді. Шитүбек ауылы күнделікті тұрмысына қайта кірісуде.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.