КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

0
55

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АУДАНДА ОРЫН АЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ АУҚЫМДАҒЫ ТАБИҒИ СИПАТТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША АРНАЙЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ. ОТЫРЫСҚА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Ж. ҚОЙШЫБАЕВ, Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қ. НҰРАЛЫ ЖӘНЕ БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ, СОНЫМЕН ҚАТАР, БЕЙНЕБАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ҚАТЫСТЫ. КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНЫҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕ КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫНДАРҒА МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

Отырыстың соңында аудан әкімі, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға біржолғы төлем жұмыстарын ұйымдастыруды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г. Махимоваға, үш айлық несиелік демалыс ұйымдастыруды аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н. Адаевқа, жарамсыз деп табылған тұрғын үй иелеріне жаңа тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін белгілеп, әзірлеуді жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ. Сәлімгерейге, шығынға ұшыраған мал өлікселерін залалсыздандыру жұмыстарын жүзеге асыруды аудандық ветеринарлық станса басшысы Б. Барсаевқа тапсырды және берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау — аудан әкімінің орынбасарлары Ж. Қойшыбаевқа, Р.Құдайбергеновке, Қ. Нұралыға жүктелді.