ЖЕЛІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

0
47

АЛТЫҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ҚАРАСТЫ ЕҢБЕКШІ МЕН САРТОҒАЙ, ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ҚАРАСТЫ БАБАТАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ, ӨҢІРІМІЗДЕ ОРЫН АЛҒАН КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ, БАҒАНАЛАРДЫҢ ҚҰЛАП, ІСТЕН ШЫҒУЫ САЛДАРЫНАН ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТОҚТАТЫЛҒАН БОЛАТЫН.

Тасқыннан кейін, аудан әкімдігі және «Энергосистема» ЖШС бірлесе отырып, бірнеше шаралар қабылдаған еді. Нәтежеде бүгінгі күні Еңбекші ауылына электр бағандары орнатылып, тұрақты электр жарығымен толықтай қамтамасыз етілсе, ал Сартоғайға уақытша электр жарығымен қамтамасыз ету үшін дизельдік генератор қойылды. Сондай-ақ, Бабатай ауылына да электр бағандары және дизельдік генератор орнатылып, тұрақты электр жарығымен толықтай қамтамасыз етілді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.