«ХАРЕКЕТ» ҚОРЫНЫҢ КӨМЕГІ

0
36

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВПЕН ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ Б.ІЗБАСОВПЕН БІРГЕ КЕҢЕСТУЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ШИТҮБЕК АУЫЛЫНА ІС САПАРЫМЕН БАРҒАН “ХАРЕКЕТ” ҚОРЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛІ А. ӨТКЕЛБАЕВА, “ХАРЕКЕТ” ҚОРЫ АТЫНАН КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕГІ ЗАРДАП ШЕККЕН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА, 1 ТІРКЕМЕЛІ ВАГОН ТАБЫСТАДЫ.

Аталған тіркемелі вагон, аудан әкімдігінің шешімімен, Шитүбек ауылына қойылды. Алдағы уақытта қажетілігіне қарай пайдаланылатын болады.
Аудан әкімі С. Аманбаев, ел басына күн туған сәтте қолдау көрсеткен “Харекет” қорының мүшелеріне ризашылығын білдіріп, «Алғыс хат» табыстады және Кеңестуы ауылдық округі әкімі Ж.Маясаровқа, тұрғындардың уақытша тұруына арналған тіркемеге электр жарығын қосуды, қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуді тапсырды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.