БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМ БЕРІЛЕДІ

0
62

АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНДА, АУДАНДА ОРЫН АЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ АУҚЫМДАҒЫ ТАБИҒИ СИПАТТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫНДАРҒА БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМ БОЙЫНША ШҰБАРҚҰДЫҚ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Темір ауданы бойынша біржолғы төлем 100 АЕК (369 200 теңге) құрайды. Өтініш беруші аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен су тасқынынан зардап шеккенін растайтын анықтама мен жедел штаб комиссиясының қорытындысын алып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады. Бөлім қызметкерлері барлық ақпаратты 8 жұмыс күні ішінде тексереді және анықтамадағы ақпарат расталса, 3 жұмыс күні ішінде біржолғы төлем аударылады.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.