АУЫЗ СУДАН СЫНАМАЛАР АЛЫНУДА

0
49

ҚАЗІРГІ ТАҢДА АУДАНДА ОРЫН АЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ АУҚЫМДАҒЫ ТАБИҒИ СИПАТТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ОРАЙ, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА, САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ БӨЛІМШЕСІ ТАРАПЫНАН АУЫЗ СУ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛІП, АУЫЗ СУ КӨЗДЕРІНЕН СЫНАМАЛАРЫ АЛЫНЫП, ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін, ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін 19 су сынамасы алынып, микробиологиялық және санитарлы-химиялық көрсеткіштер тексерілді. Бүгінгі таңда су көрсеткіштерінің гигиеналық талаптарға сай келмеу деректері анықталмады. Аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтудың санитарлық қызметі бақылауға алынуы одан әрі жалғасуда.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.