«БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ»
АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНАН ЖӘНЕ КЕНҚИЯҚ АУЫЛЫНАН «БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ. ШҰБАРҚҰДЫҚТАҒЫ «БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ» МЕКТЕП КӨШЕСІНДЕ ОРНАЛАСҚАН, БҰЛ ЖОБАНЫҢ МЕРДІГЕРІ — «ЖАС АҚТӨБЕ» ЖЕКЕ ҚОРЫ. БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ БІР УАҚЫТТА 45 АДАМДЫ ҚАМТИ АЛАДЫ. АЛ КЕҢҚИЯҚТАҒЫ «БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖОБАСЫНЫҢ МЕРДІГЕРІ — «ҚОЛДАУ ЭВЕНТ» ЖЕКЕ ҚОРЫ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ БІР МЕЗГІЛДЕ 30 АДАМДЫ ҚАБЫЛДАУҒА МҮМКІНДІГІ БАР. ҚОС ОРТАЛЫҚТА ДА МАССАЖИСТ, ХОРЕОГРАФ, МЕДБИКЕ МАМАНДАРЫ БАР. ОРТАЛЫҚТАР ДҮЙСЕНБІ-СЕНБІ КҮНДЕРІ АРАЛЫҒЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН БОЛАДЫ.
Шұбарқұдықтағы «Белсенді өмір сүру орталығының» ашылу салтанатына Байғанин ауданынан келген арнайы делегация өкілдері қатысып, орталықтың жабдықталуына жоғары баға беріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Аудан әкімі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Махимоваға, екі жаңа нысанның ашылғаны жөнінде ақпараттандыру жұмысын жүргізуді, орталыққа келушілерге қолайлы жағдай жасауды тапсырды және берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау — аудан әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасары Ж. Қойшыбаевқа жүктеді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.