«ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ» ҚҰРЫЛДЫ

0
57

АУДАНЫМЫЗДА , СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА, «ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ» ҚҰРЫЛДЫ. «ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ» ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ БЕЛГІЛЕНДІ. «ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ» ҚҰРАМЫНА АУДАНДА БІРАЗ ЖЫЛ ҚЫЗМЕТ АТҚАРҒАН АҚСАҚАЛДАР, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ Б. ІЗБАСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ А. НҰРҒАЛИЕВ, БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ, АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ, МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚОСЫЛДЫ.

 

«Қоғамдық штабтың» негізгі мақсаты — тұрғындарға қазіргі ахуалға байланысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу, халық пен жергілікті атқарушы органдар арасында көпір ретінде қызмет атқару болып табылады. Жуықта, аталған штабтың бірінші отырысы өтіп, «Қоғамдық штаб» төрағасы Б. Шаимов сөз сөйлеп, штаб мүшелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Штаб мүшелері де алдағы уақытта атқарылуы тиіс шаралар туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Алдағы уақытта «Қоғамдық штаб» мүшелері аудан бойынша судан зардап шеккен тұрғындар арасында ең соңғы зардап шеккен тұрғынға дейін қолдау көрсететін болады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.