«ҮЗДІК МАМАН ЖӘНЕ ҮЗДІК ОҚЫРМАН»

0
17

ТЕМІР АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН 23 СӘУІР – КІТАП ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ, ӘР САЛА МАМАНДАРЫ МЕН ОҚЫРМАНДАР АРАСЫНДАҒЫ «ҮЗДІК МАМАН ЖӘНЕ ҮЗДІК ОҚЫРМАН» АТТЫ АУДАНДЫҚ КӘСІБИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ І-КЕЗЕҢІ ӨТТІ. БАЙҚАУ ТӨРТ БӨЛІМНЕН — МАМАН МЕН ОҚЫРМАН МАМАНДЫҒЫН, ЖҰМЫС ОРНЫН, ОҚИТЫН МЕКТЕБІН ҚАМТИТЫН БЕЙНЕБАЯН КӨРСЕТУІ ТИІС «ВИДЕО ТАНЫСТЫРЫЛЫМ» ҰСЫНУДАН, ҚАТЫСУШЫ ЖҰП ӨЗДЕРІ ТАҢДАҒАН КЕЗ-КЕЛГЕН КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫҢ КЕЙІПКЕРІНІҢ ОБРАЗЫНА ЕНУ АРҚЫЛЫ КЕЙІПКЕР БЕЙНЕСІН АШУ ҮШІН «БІЗ ҰНАТҚАН КЕЙІПКЕР» АТТЫ КӨРІНІС ЖАСАУЫ, МАМАНДАРҒА СҰРАҚТАР ҚОЙЫЛАТЫН «СҰРАҚ БІЗДЕН, ЖАУАП СІЗДЕН» БӨЛІМІНЕН, ОҚЫРМАН ӨЗ ТУЫНДЫСЫН НЕМЕСЕ ӨЛКЕЛІК АҚЫННЫҢ ШЫҒАРМАСЫН МӘНЕРЛЕП ЖАТҚА ОҚУЫ ШАРТ БӨЛІМДЕРДЕР ТҰРДЫ.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І-орын – жазушы Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» шығармасын асқан шеберлікпен мазмұнды етіп көрсеткен Абай атындағы ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адилова Мөлдір және «Балапан» бөбекжай балабақшасының хатшысы оқырман Тулемисова Арай қанжығасына байлап, байқаудың ІІ-кезеңіне жолдама алды. ІІ орын – жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Ашынған ана» әңгімесінлегі образды әдемі ашып көрсеткен Н. Байғанин атындағы мәдениет үйінің қызметкері Бейсова Әсел және № 4-ші Шұбарқұдық ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы Мәлік Іскендір, ІІІ-орын — Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы үзіндісін ерекше сомдаған Шұбарқұдық кәсіпшілік клуб үйінің мәдени шара ұйымдастырушысы Мұқашева Күнсұлу және Ж. Кереев атындағы ЖОББМ-нің 4-сынып оқушысы Бақтияр Айкөркем иеленді.
Темір аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры М. С. Ибраймова, байқау жеңімпаздарын құттықтап, қатысқан барлық қатысушыларға «Алғыс хат» пен бағалы сыйлық табыстады.
Шара соңында Қопа ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жексенбаева Әсем және Қопа ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Қайыржанова биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына таңдалынып алынған жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» шығармасы желісімен қойылған көрінісімен белсене қатысқаны үшін марапатталды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.