ҚҰМСАЙЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ

0
49

БҮГІНДЕ, КЕШЕГІ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫНДАРДАН ЖИІ ХАБАР АЛЫП, КЕРЕК КЕЗІНДЕ ЖАНЫНАН ТАБЫЛЫП, ҚОЛДАН КЕЛГЕНШЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ – ӨТЕ МАҢЫЗДЫ БОЛЫП ТҰР. ОСЫҒАН АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ ТАЯУДА, ОРЫНБАСАРЛАРЫ Ж. ҚОЙШЫБАЕВ, Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қ. НҰРАЛЫ, БӨЛІМ ЖӘНЕ МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫМЕН БІРГЕ САРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ АРНАЙЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРЫП, ҚҰМСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ. КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУ ҮШІН ӘКІМДІК ТАРАПЫНАН БӨЛІНГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН ҚАРАСТЫРУ, ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ, ОЛАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР МЕН КӨМЕКТЕР, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

С. Аманбаев, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың өтініштері негізінде материалдық көмек көрсету мен шығындарды өтеу, жаңа үйлер құрылысы заңнама негізінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатындығын атап өтіп, қойылған барлық сауалға жауап берді.
Кездесуден кейін, аудан басшысы жергілікті спорт кешенінде жеке қабылдау мен қосымша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды және округ әкімі М.Шүйіншалинге аудандық бөлім басшыларымен бірлесе отырып, су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын жандандыруды, өтініштер бойынша жұмыстарды қарқынды жүргізуді тапсырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.