ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

0
44

ЖУЫҚТА АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ КІШІ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА, АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ. ОТЫРЫСҚА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қ. НҰРАЛЫ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ Б. САЛИМАНОВ, Е. МӘУЕНИЯЗОВ, Қ. ҒАЛЫМОВ, М. МОЛДАҒҰЛОВ, Ж. ЖАСАҚБАЕВА, Л.ЖАРМАҒАНБЕТОВА ЖӘНЕ ТИІСТІ БӨЛІМ МЕН МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Е. Төлеуов жүргізген отырыстың күн тәртібінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының 2023 жылғы атқарған жұмыстары және қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелер» (Баяндамашы Мемлекеттік істер агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы М. Иманов), «Жергілікті атқарушы органдарды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жұмыстарының 2023 жылғы қорытындысы және 2024 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар» (Баяндамашы Темір ауданы әкімі аппаратының құжаматтамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Г. Мухиева), «Көктемгі су тасқыны кезіндегі орын алған жағдайлар және жүз берген кемшіліктерді жою барысы» (Баяндамашы аудан әкімінің орынбасары Р. Құдайбергенов) туралы мәселелер қаралды.
Қоғамдақ кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап және талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.