ӨТЕМАҚЫ БЕРІЛУДЕ

0
56

БҮГІНГІ КҮНГЕ ДЕЙІН ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРҒА, КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ТЕМІР АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАРАПЫНАН МАТЕРИАЛДЫҚ ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ҮШІН 91 ӨТІНІШ КЕЛІП ТҮСТІ. ОНЫҢ 82-СІ ОТБАСЫҒА ТӨЛЕНЕТІН БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМ БОЙЫНША ТІРКЕЛДІ. ЖЕРГІЛІКТІ АУҚЫМДАҒЫ ТАБИҒИ СИПАТТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ҚҰРЫЛҒАН АРНАЙЫ КОМИССИЯ ӘРБІР ӨТІНІШТІ ҚАРАУДА.

Тіркелген өтініштер негізінде су тасқынынан зардап шеккен 7 отбасыға материалдық шығынды өтеу бойынша 4,3 миллион теңге өтемақы төленді. Қалған өтініштердің қорытындысы кезең-кезеңімен, тексеру нәтижесіне сәйкес шығады.
Үйін су басқандардың бірі — Шұбарқұдық кентінің тұрғыны Николай Капустянскийдің отбасы болатын. Оған біржолғы төлем және материалдық шығынды өтеу бойынша берілетін өтемақы аударылды.
— 25 наурыз күні бізде көктемгі су тасқыны болып, менің үйімді су басып қалды. Үйдің мүлкі бүлініп, қабырғадан су өтіп кеткен. Әйелім екеуміз дүние-мүлкімізді сақтап қалуға тырыстық, бірақ біршама зат жарамсыз болып қалды. Бүгінде бүлінген дүние-мүлік үшін өтемақы алдық. Бұл тек Шұбарқұдықта ғана емес, Ақтөбе облысында, жалпы республикамызда болып жатқан жағдай ғой. Табиғи апатты біз бірге жеңіп шығамыз, — деген Николай Капустянсикий, көрсетілген көмекке өз ризашылығын білдірді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.