ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ
АЛТЫҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРҒАН АУДАНДЫҚ ШТАБ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ А. НҰРҒАЛИЕВ, АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ Е. ТӨЛЕУОВ, ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, КЛУБ ҮЙІ, ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ, АЛТЫҚАРАСУ МЕКТЕП-БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДАҒЫ ПЕРСОНАЛДАРМЕН КЕЗДЕСІП, ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТУРАЛЫ СӨЗ ҚОЗҒАДЫ.
Ауылға іс сапармен барушылар, аталған ғимараттардың қазіргі таңдағы жай-күйін қарап, ауылдағы ауыз су мәселесімен танысты. Көктемгі мезгілде су тасқынының әсерінен ауылды сумен қамтамасыз етіп отырған су құбыры істен шыққан болатын. Қазіргі таңда аудан әкімінің және аудандық қоғамдық штабтың төрағасының ықпал етуімен су тасқынының әсерінен зардап шеккен ауыл халқын үздіксіз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры қалпына келтіріліп, ауыл халқы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ Б. Шаимов, А. Нұрғалиев және Е.Төлеуов жұмыс сапары барысында, ауылда орналасқан азық-түлік дүкендерін де аралап, дүкен иелеріне Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауларында азық-түлік бағасын бақылауда ұстауды үнемі айтатынын түсіндіріп, бағаны бірқалыпты ұстауды, тұрғындарды сапалы тауарлармен қамтамасыз етуді ұсынды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.