КІНӘЛІЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

0
61

СОҢҒЫ КЕЗДЕ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚ ТАР ПОЛИГОНЫНДАҒЫ ӨРТТІҢ ЖИІЛЕП КЕТУІ — АУДАН ОРТАЛЫҒЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА КЕЙБІР ҚОЛАЙСЫЗДЫҚТАР ТУҒЫЗУДА. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ, АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОМУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ А. ҚҰЛМҰХАНОВ, АУДАНДЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ С. НҰҒМАНОВА, АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ С. ҚАЛМЕНОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ Ә.ЖҰМАГЕРЕЙ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Д.СҰЛТАНҒАЛИЕВ ЖӘНЕ ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ Б.САУЫТОВПЕН БІРГЕ, ШҰБАРҚҰДЫҚ КЕНТІНЕН ЕКІ ШАҚЫРЫМ ЖЕРДЕ ОРНАЛАСҚАН ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАР ПОЛИГОНЫН ҚАРАДЫ.

Полигонды аралау барысында Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Б.Сауытов, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының іші мен сыртын тазалап, күтіп ұстау үшін бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, қазіргі таңда аудандық экономика және қаржы бөлімімен мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С.Қалменов, полигонның жиі өртенуіне байланысты өрт сөндірушілер оқиға орнына кезекпен шығуға мәжбүр болғанын атап өтті.
Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын қарау нәтижесі бойынша С.Аманбаев, Б. Сауытовқа екі айлық республикалық экологиялық акциясы аясында, полигонда кезекшілік ұйымдастыруды, Д. Сұлтанғалиевке жергілікті учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, Шұбарқұдық кенті бойынша рейдтер жүргізу және құқық бұзушылық анықталған кезде әкімшілік іс қозғау және заңнамаға сәйкес айыппұл салуды, полигонды қасақана өртеу болжамы бойынша кінәлі адамдарды анықтап, қылмыстық жауапқа тарту үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді, заңға сәйкес жауапкершілікті түсіндіру бойынша Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі және жергілікті полиция бөлімі «тікелей эфир» өткізуді, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы ұсталған адамдардың аты-жөнін жариялауды, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын өртеген адамдарға төзбеушілік пен қоғамдық айыптау жасауды, С. Нұғмановаға өз саласындағы заңдылық бойынша ұсыныстар енгізуді және айына кемінде 2 рет жүргізілген жұмыстың нәтижелерін аппараттық кеңестің қарауына ұсынуды тапсырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.