КӨМЕК КӨРСЕТТІ

0
48

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕСІ, АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ Е. ТӨЛЕУОВ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЛТЫҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ, ЕҢБЕКШІ АУЫЛЫНЫҢ 11 ОТБАСЫНА ӨЗ ТАРАПЫНАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ.

Гуманитарлық көмек ретінде жіберген тауарлар ішінде тұрғындарға қажетті әлеуметтік маңызы бар тауарлар, яғни ұн, шекер, пияз, күріш, қарақұмық т. б. бар. Аталған гуманитарлық көмекті көрсеткен Е. Төлеуовке ауыл тұрғындары өздерінің алғыстарын білдірді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.