ӨНЕГЕЛІ ӘҢГІМЕ

0
21

24 жұлдызы күні Кеңқияқ Мәдениет үйінде «Өнегелі әңгіме» байқауы өтті. Байқауға ауыл ардагерлері мен тұрғындар,мектеп оқушылары қатынасты. Байқауды аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұралы алғы сөз сөйлеп ашты.Өнегелі әңгіменің міндеті мен мазмұнын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Ә.Бақытқызы түсіндіріп өтті.Сонымен бірге байқауға аудандық ардагерлер қоғамының төрағасы Б.Сәлиманов,аудандық Темір газетінің редакторы М.Әділханұлы қатынасты.

Өнегелі әңгімені өрбіткендер көп жыл әр салада еңбек етіп ,бүгінде еңбек ардагері болып отырған аулына қадірлі ақсакқалдарымыз болды.Өз өмірбаяндарымен өзектестіріп,жастарға үлгі боларлық оқиғалармен өсиетті сөз өрнактеген ардагерлер байқаудың қортындысында жүлделі орындар иеленіп,алғыс хат пен бағалы сыилықтарға ие болды. Бірінші жүлделі орынды,еңбек ардагері Дат Елтезеров,екінші орынды Төлеген Жүсіпәлиев, үшінші орынды Балтабай Әбенов,ынталандыру сыилықтарын ардагерлер-Сатай Төлешов,Сағынғали Назаров иеленді. Байқауға қатысқан Қеңқияқ өңірінің ардагерлеріне өнегелі әңгімелері үшін ризашылық білдірген көрермендер өз ойларымен бөлісіп, рахмет айтып, жылы ықыластарын білдіріп сөз сөйледі.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ